G.T. Aldambergenova's scientific contributions

What is this page?


This page lists the scientific contributions of an author, who either does not have a ResearchGate profile, or has not yet added these contributions to their profile.

It was automatically created by ResearchGate to create a record of this author's body of work. We create such pages to advance our goal of creating and maintaining the most comprehensive scientific repository possible. In doing so, we process publicly available (personal) data relating to the author as a member of the scientific community.

If you're a ResearchGate member, you can follow this page to keep up with this author's work.

If you are this author, and you don't want us to display this page anymore, please let us know.

Publications (4)


IRRIGATION PROCEDURE (MODE) OF TOMATO GROWN BY THE LOW PRESSURE DRIP IRRIGATION METHOD
  • Article

January 2024

·

1 Read

Bulletin of Korkyt Ata Kyzylorda University

M.B. Kopen

·

B.S. Otarbaev

·

G.T. Aldambergenova

·

[...]

·

M.B. Yessembay

Presently, the Republic of Kazakhstan, particularly the Kyzylorda region, grapples with a significant water scarcity issue. In light of this, the utilization of the drip irrigation method plays a crucial role in the judicious management of water resources. In regions like Kyzylorda, characterized by pronounced drought conditions, the efficacy of employing a low-pressure drip irrigation system is notably high. This approach results in an augmented land utilization coefficient, savings in material and labor costs, and an enhanced efficiency in the utilization of irrigation water. The implementation of a drip irrigation system contributes to the improvement of soil nutrition, air circulation, and water-physical properties. It mitigates soil erosion risks, ensures optimal water utilization by supplying irrigation water directly to the roots of each plant, and thereby maximizes the plants' water utilization efficiency. The likelihood of achieving abundant, excellent, and consistent harvests from agricultural crops rises. This method offers several advantages compared to alternative irrigation techniques, including reduced labor costs, preservation of the soil's fundamental structure, prevention of surface soil folds, the ability to concurrently apply fertilizers to the root system area, a potential 30-100% increase in crop productivity, a 50-60% decrease in irrigation water usage, and suitability for use in areas with high slopes.

Share

INVESTIGATION OF THE EFFECT OF DIFFERENT IRRIGATION METHODS ON THE YIELD OF PEPPER AND EGGPLANT

January 2024

·

1 Read

Bulletin of Korkyt Ata Kyzylorda University

Ғылыми мақалада Жамбыл облысы жағдайларында өсірілген көкөніс дақылдарының өсімдік биіктігіне, жемісіне және өнімділігіне әртүрлі суару тәсілдерінің әсерін зерттеу жұмысының нәтижелері келтірілген. Ғылыми-зерттеу жұмысына бұрыш және баклажан дақылдары қолданылды. Вегетация кезінде зерттеу жұмысына алынған көкөніс дақылдары жүйектеп және тамшылатып суғарылды. Көкөніс дақылдарын суару үшін төменқысымды тамшылатып суару жүйесі қолданылды. Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде бұрыш және баклажан дақылдарының жемісінің ені, ұзындығы, салмағы және түсі анықталды. Көкөніс дақылдарының өсімдігінің орташа биіктігі вегетацияның соңында жүйектеп суару нұсқасында бұрыш дақылында 73 см жетсе, баклажан дақылында 49 см жетті, тамшылатып суару нұсқасында бұрыш өсімдігі 78 см, баклажанда 53 см-ге жетті. Тамшылатып суару нұсқасын жүйектеп суару нұсқасымен салыстырғанда мұнда бұрыш дақылының жемісінің салмағы +13грамға жоғары болса, ал баклажан дақылында бұл көрсеткіш +12 грамға жоғары болғандығы анықталды.Көкөніс дақылдарының негізгі өнімділігі жүйектеп суару нұсқасында бұрыш дақылында 103,8 ц/га болса, баклажанда 197 ц/га болды, ал тамшылатып суару нұсқасында бұрыш дақылында 112 ц/га, баклажанда 207,2 ц/га тең болды. Тамшылатып суару нұсқасында бұрыш дақылынан +8,2 ц/га жоғары өнім алынса, ал баклажан дақылынан +10,2 ц/га қосымша өнім алынғандығы анықталды.


EXPERIMENTAL STUDIES OF LOW DRIP SYSTEM FOR GROWTH OF AGRICULTURAL CULTURE IN KYZYLORDINA REGION IN THE CONDITIONS OF THE KYZYLORDINA REGION

January 2022

·

11 Reads

Бұл мақалада Қызылорда облысы жағдайында сурмалы судың тапшылығына байланысты, Сырдария өзенінің төменгі ағысында су үнемдеу технологиясы - тамшылатып суару жүйесі келтірілген. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған төмен қысымды тамшылатып суару жүйесін қолдануына байланысты тәжірибелік – эксперименттік зерттеулер Қызылорда қаласынан 7 шақырым жерде орналасқан Қарауылтөбе кентіндегі Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми – зерттеу институтының тәжірибелік учаскесі маңындағы жеке секторында жүргізілді. Тәжірибелік - эксперименттік зерттеулер орташа сазды топырақтарда жүргізілді. Топырақтың тереңдігі 0-ден 60 см-ге дейін - өте қатты тұзданған, сульфатты - хлоридті тұздану. Әрі қарай 60 – тан 100 см-ге дейін топырақ орташа тұзды - сульфатты тұздану болды. Мақалада төмен қысымды тамшылатып суғару сараптамасын жүргізуге арналған техникалық құралдың құрылысы мен жұмыс нәтижесі көрсетілген. Төмен қысымды тамшылатып суғару жүйесінің эксперимент нәтижесінде бір тамшының тамшылау жылдамдығы мен қарқындылығы, топырақ бетінің ылғалдану контуры қысым мен уақытқа байланысты жұмсалатын су мөлшері анықталды. Су өсімдіктің тамырынан бастап барлық бөлігінің құрамдас бөлігі әрі маңызды физиологиялық роль атқара отырып, өсімдіктің қоректік элементтерінің алмасуына ықпал етеді.


TECHNOLOGY OF IRRIGATION OF SORGHUM FODDER CROP BY LOW-PRESSUREDRIPSYSTEMINTHECONDITIONSOFKYZYLORDAREGION

January 2022

·

2 Reads

Bulletin of Korkyt Ata Kyzylorda University

Мақалада Қызылорда облысы жағдайында суармалы судың тапшылығына байланысты, Сырдария өзенінің төменгі ағысында су үнемдеу технологиясы – тамшылатып суғару жүйесі қолданылды. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суғаруға арналған төмен қысымды тамшылатып суғару жүйенін қолдану бойынша тәжірибелік – эксперименттік зерттеу Қарауылтөбе кентінде, Қызылорда қаласынан 7 шақырым жерде орналасқан Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми – зерттеу институтының тәжірибелік учаскесінің жанында орналасқан жеке секторда жасалды. Тәжірибелік – эксперименттік зерттеулер орташа сазды топырақтарда жүргізілді. Топырақтың тереңдігі 0-ден 60 см-ге дейін – өте қатты тұздалған, сульфатты – хлоридті тұздану. Әрі қарай 60 – тан 100 см-ге дейін топырақ орташа тұзды – сульфатты тұздану болды. Мақалада төмен қысымды тамшылатып суғару сараптамасын жүргізуге арналған техникалық құралдың құрылысы мен жұмыс нәтижесі көрсетілген. Төмен қысымды тамшылатып суғару жүйесінің эксперимент нәтижесінде бір тамшының тамшылау жылдамдығы мен қарқындылығы, топырақ бетінің ылғалдану контуры қысым мен уақытқа байланысты жұмсалатын су мөлшері анықталды. Әлемдік тәжірибеде күріш алқаптарында тамшылатып суару жүйелерін қолдану өте аз зерттелген. Қызылорда облысы жағдайында суарудың төмен қысымды тамшылатып суару әдісі кезінде күріш өсіру технологиясын негіздеуге, олардың негізінде топырақтың су режимін, сондай-ақ жоспарланған өнім алуды қамтамасыз ететін суару режимін зерттеуге бағытталған. Қазіргі таңда дүние жүзінде күріш дақылы 112 елде 150 млн. га шамасында егіліп, одан өндірілетін өнім 620 млн тоннаға жуықтайды. Біздің елімізде ол жармалық дақыл болып саналады. Күріш жармасының құрамында 30-75% көмірсу, 7,6% ақуыз, 0,4% май және фосфор, минералды тұздар, дәрумендер болады. Жарманың 1кг шамамен 3600 калорий береді. Күріштің қоректік заттарының сіңімділігі орта есеппен 96%-ды құрайды, яғни оның қоректілігі өте жоғары. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарын суарудың дәстүрлі технологиясы су тапшылығынан зардап шегеді. Сондықтан суды көп қажет ететін дақыл ретінде күрішті суаруға жұмсалатын су шығынын азайту жолдарын іздеудің үлкен экономикалық, әлеуметтік және экологиялық маңызы зор.